Алматы. 11 наурыз. Qamshy.kz – Кеше ағылшын ғалымы Джефф Вайз осыдан 1 жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Майлайзиялық Boeing MH370 лайнеріне қатысты жаңа мәлімдеме жасады. 2014 жылдың 8 наурызында Куала-Лумпур әуежайынан Бейжіңге бет алған Boeing MH370 әуе лайнері белгісіз себеппен радардан жоғалып кеткен болатын. Әлемнің 14 мемлекетінен Бордда 239 адаммен 12 экипаж мүшесі болған. Жоғалған лайнерге қатысты түрлі жорамалдар айтылған болатын. New Zealand Herald газеті "Малайзиялық лайнер Антарктида жақтан сигнал берген" деп жазса, National Geographic телеарнасына берген сұхбатында халықаралық сарапшы Мальколм Бернер "Лайнерді белгісіз біреулер ұрлап кеткен" деген тұжырым жасайды. Ал кеше CNN телеарнасына сқхбат берген америкалық ғалым, тәуелсіз сарапшы, Джефф Вайз "Майлайзиялық лайнер Ресей президенті В. Путиннің жеке бұйрығы бойынша бағытын өзгертіп, кейін жасырын түрде Байқоңыр комодромына қондырылған" деген мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, доктор Вайз өз мәлімдемесін толықтай келе, "Қазақстанның техникалық қуаттылығы білдей бір Boeing MH370 лайнерін ұрлауға немесе лайнерге шабуыл жасауға жетпейді. Тіпті, Қазақстанның лайнерге шабуыл жасауға еш негізі жоқ. Сондықтан, Қазақстанның меншігіне тиесілі Байқоңырды қазіргі таңда Ресей Федерациясы жалға алып, пайдалануда. Ал Байқоңырға қондырылатын немесе ол жерден әуеге көтерілетін барлық техникалардан Қазақстанның хабары бар екені сөзсіз", деген қорытынды тұжырымдама жасайды. Ал жаһанддық географиялық тұрақсыздықтер мен үшінші суық майданға (холодная война) қатысты "Ресей қазіргі таңда АҚШ-пен текетіресіп отырған жалғыз мемлекет. Рсейдің әскери-техникалық потенциалы өте жоғары. Десе де, АҚШ-тың аэроғарыштық әскери қуаттылығымен Рсейді салыстыруға келмейді" дейді ғалым. Джефф Вайз өзінің сұхбаты арқылы "Рсей президентінің шетелдік лайнерді "ұрлауға" қатысы бар екенін көрсетеді". Сарапшы Вайз "Мүмкін ол (Путин) өзінінң бұл әрекеті арқылы АҚШ және Батыс елдеріне Ресейге салынған санкциялардың кесірі айналып өздеріне тиетінін көрсеткісі келуі мүмкін" деген нұсқаны да сөз етті. Сондай-ақ, Малайзиялық ұшақтың із-түссіз жоғалып кетуі Ресей зұлым саясатының Батысқа көрсеткен қыры болуы мүмкін. Себебі, ұшақта 2 украин азаматы мен, бір ресейлік жолаушы болған. Тіпті, олар ресейлік барлаушылар болуы бек мүмкін деген нұсқаны талқыға келтіреді. Бұл әрине, сарапшының жеке пікірі мен жорамалы ғана. Алайда, доктор Вайз түсіндіре алмаған бір мәселе ғана қалды: - ішіне адам толы ұшақты ұрлау Путинге не үшін керек болды? https://www.youtube.com/watch?v=xNRQONshGv0 Нұрзат Тоғжан